Ақтөбеде тергеу изоляторына сөмкенің ішіне жасырын тігіп, телефон кіргізбек болған

Ақтөбеде тыйым салынған затты тергеу изоляторына жасырын кіргізбек болған тұрғын ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2026 09:41 Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №70 тергеу изоляторында тыйым салынған затты мекемеге жасырын алып кіру әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мекемеге тапсырылған сәлемдемені рентген-телевизиялық құрылғы арқылы тексеру барысында сөмкенің ішіне жасырын тігілген Redmi ұялы телефон анықталып, тәркіленді.

Белгілі болғандай, аталған тыйым салынған затты 65 жастағы қала тұрғыны мекемеде қамауда отырған ұлына жасырын түрде жеткізбек болған.

Әйел өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: