Инвесторлық виза: құжаттар тізімі қайта қаралды

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, цифровые документы, ЭЦП, электронная цифровая подпись, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2025 12:20 Фото: gov4c.kz
ҚР Сыртқы істер министрі 2025 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен республика аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын ҚР резиденті емес тұлғаларға инвесторлық виза алуға өтініш беру қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің жаңа редакциясы бекітілді:

Заңды тұлғалар үшін:

  • инвесторлық виза алушы тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса электрондық көшірмесі;
  • қызмет алушының жарғысының нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса электрондық көшірмесі;
  • тұлғаның лауазымын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
  • өтініш берген күнге дейінгі соңғы 36 ай ішінде инвестициялық жобаға инвестиция салғанын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес рәсімделген шот-фактуралар;

  • кедендік декларациялар;
  • егер бар болса, Қазақстан аумағында инвестициялық жобаны іске асыруды растайтын мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұсынымдары қоса беріледі.

Жеке тұлғалар үшін:

  • инвесторлық виза алушы тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса электрондық көшірмесі;
  • соңғы 12 ай ішінде Қазақстан экономикасына кемінде 300 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция салғанын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (ұзақтығы 10 жылдан асатын эмиссиялық бағалы қағаздар иесінің шотынан үзінді немесе заңды тұлғаның жарғысына уставтық капиталдың толықтырылғаны туралы жазба енгізілген үзінді, оған қоса заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі).

Аталған бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: