Қазақстанда өнеркәсіптік грант беру қағидалары өзгерді

Ұлттық институт ресми ашық дереккөздерден алған келесі құжаттар қарауға жатады:  тіркелген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі, оның филиалы немесе өкілдігі туралы анықтама;  мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынған берешектің бар-жоғы туралы мәліметтер;  қазақстандық тауар өндіруші мәртебесін растайтын құжаттар/ақпарат (тауардың шығу тегі туралы «СТ-KZ» нысанындағы сертификат, Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестік сертификаты/декларациясы, индустриялық сертификат, қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірме);  тарату (ликвидация) процесінде болмауы туралы мәлімет;  кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама.  Сондай-ақ, тауардың шығу тегі туралы «СТ-KZ» сертификаты мен индустриялық сертификаттың күші 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақталатыны көрсетілген.  Аталған бұйрық 2025 жылғы 29 қарашадан бастап күшіне енеді.  Еске сала кетейік, өнеркәсіптік грант – өңдеуші өнеркәсіп саласындағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне олардың өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін және қарсы міндеттемелер орындалған жағдайда қайтарылмайтын бюджет қаражаты болып табылады., сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 09:27 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2025 жылғы 26 қыркүйектегі бұйрығымен өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнеркәсіптік грант келесі талаптарға сай үміткерлерге беріледі:

  • қазақстандық тауар өндіруші болуы;
  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болуы;
  • ұлттық институтқа өтінім берген күнге дейін кемінде 3 жыл бойы қызметін жүзеге асырып келуі;
  • тек басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнімдерді шығаруға бағытталуы;
  • осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жатпау;
  • жабдықтың иесімен немесе жабдық бойынша құқықты берушімен аффилиирленбеуі;
  • қажетті біліктілігі бар инженерлік-техникалық персоналының болуы;
  • салық берешегі мен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша 1 теңгеден асатын қарызының болмауы (салық кодексінің 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);
  • тарату (ликвидация) процесінде болмауы;
  • жобаның құны кәсіпорынның соңғы үш жылдағы жиынтық жылдық табысынан аспауы;
  • өтінім берген күнге дейінгі соңғы үш жылда салық аударымдарының (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) оң динамикасының болуы.
  • Аталған талап соңғы үш жыл ішінде тіркелген және заңнамаға сәйкес салық төлеуден босатылған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қолданылмайды.

Өнеркәсіптік грант алу үшін өтінім беру тәртібі де өзгерді.

Өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар:

  • бірыңғай папкаға жинақталады;
  • әр парағы бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның қолымен куәландырылады (міндетін атқаруды растайтын құжат болуы қажет). Өтінім мен оған қоса берілетін құжаттарды қолтаңбаның факсимильдік көшірмесімен куәландыруға жол берілмейді;
  • құжаттар араб цифрларымен сквозной түрде нөмірленеді;
  • өтінім берушінің мөрі болған жағдайда, әр парағы мөрдің таңбасымен расталады.

Ұлттық институт ресми ашық дереккөздерден алған келесі құжаттар қарауға жатады:

  • тіркелген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі, оның филиалы немесе өкілдігі туралы анықтама;
  • мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынған берешектің бар-жоғы туралы мәліметтер;
  • қазақстандық тауар өндіруші мәртебесін растайтын құжаттар/ақпарат (тауардың шығу тегі туралы "СТ-KZ" нысанындағы сертификат, Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестік сертификаты/декларациясы, индустриялық сертификат, қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірме);
  • тарату (ликвидация) процесінде болмауы туралы мәлімет;
  • кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама.

Сондай-ақ, тауардың шығу тегі туралы "СТ-KZ" сертификаты мен индустриялық сертификаттың күші 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақталатыны көрсетілген.

Аталған бұйрық 2025 жылғы 29 қарашадан бастап күшіне енеді.

Еске сала кетейік, өнеркәсіптік грант – өңдеуші өнеркәсіп саласындағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне олардың өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін және қарсы міндеттемелер орындалған жағдайда қайтарылмайтын бюджет қаражаты болып табылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: