Атырауда білім беру саласының үздіктері марапатталды

Атырауда білім беру саласының үздіктері марапатталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2025 17:23 Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырау облысында ұстаздар күніне орай "Қалдырған ізі мәңгілік" тақырыбында салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, өңірдегі үздік педагогтарды марапаттады.

Облыс әкімі құттықтау сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаз мәртебесін арттыру жөніндегі бастамаларына ерекше тоқталды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Ел Президенті үнемі білім беру саласына баса мән беріп келеді. Ұстаз – ұлттың рухани темірқазығы, болашаққа жол бастайтын тұлға. Біз қай салада еңбек етсек те, соның бастауында ұстаз тұрады. Әрқайсымыздың жетістігіміз бен қоғамдағы айшықты орнымыздың артында ұстаздың еңбегі жатыр. Сондықтан білім саласына жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің стратегиялық міндеттерінің бірі. Бүгінде жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп отырған ұстаздар қауымының еңбегі өлшеусіз. Баршаңызға толағай табыс, талмас қанат, шәкірт тәрбиелеуде шабыт тілеймін", - деді облыс әкімі.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты жиында бірқатар педагог ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен, сондай-ақ "Білім беру ісінің Құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы мереке аясында 92 педагог ҚР Оқу-ағарту министрлігінің марапатымен, 36 ұстаз Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен, сондай-ақ 400-ден астам мұғалім облыстық білім беру басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: