Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 4 және 5 қазан
Сурет: pexels
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 3 қазанда сағат 17:00-де шетел валюталары бойынша кешкі сауда сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 547,46 теңге болып, 0,47 теңге өсті.
Еуроның орташа бағамы – 642,14 теңге (-0,56).
Рубль бағамы 6,70 теңгеге дейін төмендеді (-0,05).
Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юань бойынша сауда жүргізілген жоқ.
Валюта айырбастау орындарында доллар 547,5-549,9 теңге аралығында, еуро – 642-647 теңге аралығында, рубль – 6,57-6,69 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр.
3 қазан таңертеңгісінде Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 546,96 теңге, еуро – 642,73 теңге, рубль – 6,7 теңге деңгейінде бекіткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript