Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 16 және 17 тамыз

Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 16 және 17 тамыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2025 17:31 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 15 тамызда сағат 17:00-де шетелдік валюталар бойынша кешкі сауда сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 540,93 теңгені құрап, 2,83 теңгеге өсті.

Еуроның орташа сараланған бағамы 633,27 теңгеге дейін көтерілді (+4,4).

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,76 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы таңертеңгі саудада 75,11 теңгені құрап, 0,19 теңгеге өсті.

Валюта айырбастау пунктерінде доллар 540,2-542,3 теңге аралығында, еуро 629,4-634,2 теңге аралығында, рубль 6,67-6,78 теңге аралығында сатып алынып-сатылып жатыр.

15 тамыз таңында Ұлттық банк доллар бағамын 538,03 теңге, еуро — 629,23 теңге, рубль — 6,74 теңге деңгейінде бекіткен.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда доллар бағамы 3 теңгеге жуық өскенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: