Алматыда Сейфуллин даңғылынан әл-Фараби даңғылына шығатын жол түнде жабылады

Алматыда Сейфуллин даңғылынан әл-Фараби даңғылына шығатын жол түнде жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2025 18:33 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 2025 жылғы 3 қазан сағат 22:00-ден 4 қазан сағат 08:00-ге дейін Сейфуллин даңғылынан әл-Фараби даңғылына оңтүстік-батыс бағыттағы шыға берісте көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы жылу желілері" ЖШС мәліметінше, Сейфуллин даңғылы бойымен солтүстік және оңтүстік бағыттағы қозғалыс өзгеріссіз қалады.

"Уақытша шектеулер магистральдық құбыр желісінде жүргізілетін жөндеу жұмыстары кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Еске саламыз, қозғалысқа қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде жарияланады", - делінген хабарламада.

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындардан түсіністікпен қарауды өтінді.

Айта кетейік, бүгін, 3 қазанда, Алматының Алмалы ауданында да шұғыл жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық су уақытша өшірілген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: