Қазақстанда мектеп асханаларын ескертусіз тексеру ұсынылды
Сурет: Zakon.kz
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тағам, білім беру және тәрбиелеу нысандарын бақылау басқармасының басшысы Гүлшара Қожатова 2025 жылғы 3 қазанда өткен ОКҚ брифингінде мектеп асханаларының жұмысында енгізілуі мүмкін өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, биыл Денсаулық сақтау министрлігі Кәсіпкерлік кодексі мен "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске балалар болатын нысандарды мемлекеттік бақылауға қатысты өзгерістер енгізіп жатыр.
"Негізгі жаңашылдық – тексерудің күтпеген жерден жүргізілуі. Яғни алдағы тексерістер туралы алдын ала ескерту алып тасталады. Екіншіден, мониторингтік сапарларды енгізу жоспарланып отыр. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына нысандарға барып, олардың жұмысын бақылауға құқық береді", - деді Қожатова.
Оның мәліметінше, құжат қазір Сенаттың қарауында.
Еске салайық, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде тамақтану бірыңғай ұлттық стандарт бойынша ұйымдастырылып келеді. Бұл стандарт Денсаулық сақтау және Білім министрліктерімен, Қазақ тағамтану академиясымен ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен әзірленген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript