Мектеп асханаларында фастфуд пен тәтті сусын сатқан кәсіпкерлерге қандай айыппұл салынады

Мектеп асханаларында фастфуд пен тәтті сусын сатқан кәсіпкерлерге қандай айыппұл салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2025 19:19 Сурет: akorda.kz
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов 2025 жылғы 3 қазанда өткен ОКҚ брифингінде мектеп асханаларында фастфуд пен тәтті сусындарды сатқаны үшін қандай айыппұл көзделгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистердің айтуынша, кейбір мектеп асханаларында тыйымға қарамастан хот-дог, гамбургер, пицца, чипсы және тәтті сусындар секілді өнімдер сатылып келеді.

"Сіздер атаған пицца, тоқаш, өзге де фастфуд – "зиянды өнімдерге" жатады. Бұл жаңа норма емес, ол бұрыннан қолданыстағы санитарлық ережелерге енгізілген. Егер соған қарамастан, сатылып жатса, ол әр кәсіпкердің жауапкершілігі", - деді комитеттің тағам, білім беру және тәрбиелеу нысандарын бақылау басқармасының басшысы Гүлшара Қожатова.

Ол сондай-ақ қоғамдық бақылаудың маңызын атап өтті.

"Мектептің қамқоршылық кеңесі мен бракераж комиссиясы асхананың жұмысын күн сайын тексеруге құқылы ғана емес, сонымен бірге міндетті. Олар ас блогының жағдайын, мәзірді, тағамның дайындалу сапасын, құжаттардың болуын, сақтау мерзімі мен жағдайын түгел қадағалауға тиіс", - деді ол.

Өз кезегінде Нұрқан Сәдуақасов айыппұл мөлшерін түсіндірді:

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы – "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманы бұзу". Санкциялар субъект түріне қарай әртүрлі: егер жеке тұлға болса – 30 АЕК, шағын және орта бизнес үшін – 230 АЕК, ірі бизнес үшін – 1600 АЕК айыппұл салынады. Егер шағым түссе, тиісті тексеру жүргізіледі. Бұзушылық анықталған жағдайда міндетті түрде әкімшілік іс қозғалып, хаттама толтырылады және шешім шығарылады", - деді ол.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: