Омбы – Майқапшағай тасжолында төрт адам қаза тапты
Сурет: Абай облысы полиция департаменті
3 қазан күні халықаралық маңызы бар Омбы – Майқапшағай тасжолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғалары тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдайлардың басты себебі — жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болған:
- қарсы бағытқа шығу;
- тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылу.

Сурет: Абай облысы полиция департаменті
"Аталған ереже бұзушылықтардың салдарынан төрт адам көз жұмды", - делінген хабарламада.
Абай облысының полиция департаменті барлық жүргізушілерді жолда аса мұқият болып, көлік тізгініндегі жауапкершілікті сезінуге шақырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript