Қолайсыз метеорологиялық жағдай: синоптиктер бес қала тұрғындарына ескерту жасады
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2025 жылғы 4 қазанда Қазақстанның бес қаласында ауа ластануының жоғары деңгейі күтілетінін хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
"Қазгидромет" болжамына сәйкес, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Қарағанды қалаларында байқалады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл қысқа мерзімді ауа райы факторларының (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі, олардың әсерінен атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттар жиналып қалады.
Мұндай кезде тұрғындарға ашық ауада болу уақытын азайту ұсынылады, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар сыртқа шыққанда өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруге тиіс.
Сонымен қатар 4 қазан күні Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript