Қолайсыз ауа райы: синоптиктер Алматы және тағы екі қаланың тұрғындарына үндеу жасады

Қолайсыз ауа райы: синоптиктер Алматы және тағы екі қаланың тұрғындарына үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2025 10:14 Сурет: pexels
Синоптиктер 2025 жылғы 19 қазанда Қазақстанның үш қаласында ауа ластануының жоғары деңгейі күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Ақтөбе және түнде Атырау қалаларында байқалады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде атмосфераның төменгі қабатында зиянды (ластаушы) заттар жиналып, ауа сапасы нашарлайды.

Синоптиктер қала тұрғындарына ашық ауада жүру уақытын қысқартуға, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ тұрмауға кеңес береді. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далаға шыққан кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып алғаны жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: