Руслан Берденов Алматы әкімдігіне қарасты орталықтың басшысы болды

Руслан Берденов Алматы әкімдігіне қарасты орталықтың басшысы болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2025 13:00 Сурет: mazhilis.parlam.kz
Шымкенттің бұрынғы әкімінің орынбасары Руслан Берденов "Алматы қаласын дамыту орталығы" ұйымының бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы оның әріптесі, қоғам белсендісі Бейбіт Әлібеков 4 қазан күні өзінің Telegram-арнасында жазды.

"Бұл — жобалық кеңсе. Олардың командасы Аюсай, Шарын, Көлсай өңірлерін қалай көркейткенін, сондай-ақ Sandyq, Tary сияқты жобаларды іске қосқанын ескерсек, дәл осындай команда Алматыға ауадай қажет. Енді қоғамдық көлік, кептеліс, инвестиция мен туризмге қатысты барлық идеяны тез арада іске асыра аламыз деп үміттенемін", - деп жазды Әлібеков.

21 сәуір күні Руслан Берденовке қару қолданылған шабуыл жасалған болатын. "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-ның бұрынғы басшысы Ернар Жиембай оған бес рет оқ атқан. Шенеунік ауыр жараланып, шұғыл ота жасалған.

Кейін сот шешімімен Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал тамыз айының соңында Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кеткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: