Әлеуметтік желіде қыздармен танысқан алматылықтар қиындыққа тап болды

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2025 14:00 Фото: pexels
Алматыда бірнеше ер адам әлеуметтік желі арқылы қыздармен танысып, кейін алданған. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Қала полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтық схемасы мынадай болған:

"Әңгімелесіп, кездесуге келіскеннен кейін ер адамды пәтерге шақырады. Біраз уақыттан соң пәтерге оның "ағалары" немесе "туыстары" кіріп келіп, жәбірленушіден ақша талап етеді. Егер бермесе, "жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер жасады" деп арыз жазамыз деп қорқытқан", – делінген хабарламада.

Жетісу аудандық полиция қызметкерлері осындай істердің бірін әшкерелеп, үш күдіктіні ұстады: қыз-имитатор және оның екі сыбайласы. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ұқсас оқиға Астанада да тіркелген: 44 жастағы ер адам танысу сайтында қызбен кездесіп, кейін одан 400 мың теңге бопсаланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: