Алматыда есірткіні жарнамалаған жұп қамауға алынды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2023 15:38 Сурет: Zakon.kz
Ер адам мен әйелдің қылмыстық әрекеті өтіп бара жатқандардың назарына ілікті, олар бұл туралы әлеуметтік желі арқылы хабарлаған.
"Олардың жеке басы бірден анықталды. Бұлар бұрын істі болған – 39 жастағы П. есімді азамат пен 28 жастағы К. есімді азамат. Қазір олар ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың әрекеті ҚР ҚК-нің 299-1-бабы 2-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша мүлкін тәркілеумен үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Е.Ысқақов.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: