Алматыда жеке үйлерді тонаған ұрылар қамауға алынды
Сурет: polisia.kz
Бұл топтың құрамында Тәжікстанда, Қырғызстанда туған азаматтар мен жергілікті тұрғын бар. Барлығы үш адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
42 және 39 жастағы шетелдіктер орындаушы ролінде болған. Ал жеткізумен 35 жастағы Қазақстан азаматы, Алматы облысының тұрғыны айналысқан.
Қаскөйлер полицияға ұсталар алдында Шоқай көшесінің бойындағы жеке үйлердің бірін тонаған. Олар жеке үйге терезе арқылы кіргені анықталды. Ұрылардың сол кездегі қылмыстық олжасы – цифрлық, тұрмыстық техника, үй иесінің жеке заттары.
Ер адам «ұрылардан» келген материалдық шығынды 45 000 теңгеге бағалаған, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Қуатбек Науатовтың айтуынша, полицияның арнайы жасақтары мен Медеу аудандық полиция қызметкерлерінің көмегімен жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар нәтижесінде «гастролерлер» ұсталды.
Бұл «трио» жасаған басқа эпизодтарды да жоққа шығармаймыз. Осы бағытта жұмысты жалғастыра береміз. Сонымен қатар ұрланған мүлікті сату арнасын анықтаймыз, – деді Қуатбек Науатов.
Ұсталғандар қазір қамауда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript