Қарағанды облысында есірткі сату арнасы жойылды
Сурет: Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қарағанды облысында синтетикалық есірткіні таратқан деген күдікпен төрт ер адам ұсталды. Олар "синтетиканы" әлеуметтік желі арқылы сатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ұсталғандар есірткіні әлеуметтік желілер арқылы және арнайы құрылған сайт арқылы белгіленген схема бойынша сатқан. Полицейлер жалдамалы пәтерді тінту кезінде ақ түсті зат салынған 90 орама тапты. Сараптама сатуға дайындалған есірткінің жалпы салмағы 603 грамм екенін көрсетті.
Күдіктілер қамауға алынды. Олардың екеуі қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript