Алматыда жекеменшік үйлерді алты жыл бойы кәріз суы басып келеді

Частный дом, частные дома, частный участок, частные участки, коттеджи, дачные районы, дачный район, дачные участки, дачный участок, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 10:02 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласындағы "Шапағат" шағынауданында тұрғын үйлерді кәріз суы басып жатыр. Судың бір бөлігі тікелей унитаздардан шығып, үйлердің ішін, ауласын және көшелерді шайып өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай алты жылдан бері жалғасып келеді. Көшелермен жүру де, көлікпен өту де мүмкін емес. Ал кейбір үйлердің іргетасы мен қабырғалары қираған. Проблема жаңа кәріз жүйесі орнатылғаннан кейін басталған.

Көпбалалы жалғызбасты ана Мәдина Аркенова 300 мың теңге несие алып, үйін жөндеуге мәжбүр болған. Оның сөзінше, үйін күн сайын су басады. Соңғы рет қабырғалар шайылып, сылағы түсіп қалған. Үйдің тұрақты ылғалдылығынан балаларының аллергиясы асқынған.

Мұндай жағдай көрші үйлерде де қайталанып отыр.

"КТК" телеарнасының мәліметінше, мәселе шағынаудандағы негізгі көшелердің бірінде орын алған.

Бес жыл бұрын мұнда жаңа асфальт төселген. Алайда бір айдан соң коммуналдық қызметтер кәріз жүйесін тарту үшін жолды қайта қазып, тұрғындардың қуанышы ұзаққа созылмады. Қазір көшелермен резеңке етіксіз жүру мүмкін емес, ал жеңіл көліктер тіпті өте алмайды.

Мәселен, тұрғын Арзигүл Амраева ай сайын жолдардың нашарлығынан көлігін жөндеуге 150 мың теңгеге дейін жұмсайтынын айтады. Соңғы сапарында көлігінің алдыңғы әйнегін де ауыстыруға тура келген.

Тұрғындар бұл жағдайға сапасыз тартылған кәріз жүйесін кінәлайды. Айтуларынша, жұқа құбырлар су қысымына төтеп бере алмай жиі жарылып қалады. Олар бірнеше рет акиматқа шағым түсірген.

Жақында шағынауданға құрылыс техникасы жеткізілді.

"Алатау ауданында 136 көшеде жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі таңда 92 көшеде жұмыстар аяқталды. Оның ішінде Шапағат шағынауданында 26 көшеде, яғни 15 шақырымда жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта жұмыстар жалғасуда. 6 қазаннан бастап асфальт төсеу басталады. Барлық жұмыстар 15 қарашаға дейін толық аяқталады", – деді Алматы қаласы көше-жол желісін дамыту бөлімінің бас маманы Қайнар Молдажан.

Тұрғындардың көбі ұзақ күтуге шаршағанын айтып, үйлерін сатып, көшіп кетіп жатыр. Қазір көшелерде жылжымайтын мүлік сату туралы хабарландырулар көбейген.

Айта кетейік, 2 қазан 2025 жылы Алматыдағы Құрдай көшесінде жүк көлігі жолдың астына түсіп кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: