Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар үшін қылмыстық жауапкершілік қашан енгізілуі мүмкін

Врач, врачи, доктор, доктора, прием у врача, осмотр врача, осмотр у врача, пациент, пациенты, больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 16:43 Фото: Zakon.kz
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылғы 7 қазанда үкіметтегі брифингте дәрігерлерге жасалатын шабуылдар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, соңғы бес жылда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасаудың шамамен 175 фактісі тіркелген.

"Статистика көңіл көншітпейді және жыл сайын өсіп келеді. Президенттің тапсырмасы бойынша бүгінгі күні медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөніндегі шаралар әзірленді. Қазір бұл түзетулер барлық мемлекеттік органдармен, Президент әкімшілігімен және Бас прокуратурамен келісілді. Депутаттардың қолдауымен 2025 жылдың соңына дейін бұл өзгерістерді қабылдаймыз деп есептейміз", – деді Ақмарал Әлназарова.

2025 жылғы 23 шілдеде премьер-министр Олжас Бектенов медицина қызметкерлеріне жасалатын мұндай шабуылдар құқықтық әдістермен қатаң түрде тоқтатылуы тиіс екенін мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: