Алматылықтарға суық су тарифіне қатысты тың мәлімет ұсынылды

Тариф, суық су, Алматы, қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 17:57 Сурет: freepik
2025 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласының тұрғындары суық сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін жаңа тарифтер белгіленген түбіртекті ала бастайды. Бұл арада тариф аздап арзандағанын айта кетелік, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 7 қазанда "Алматы Су" МКК-ның салалық директоры Серік Шағыров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Тарифтерді төмендету ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің №101-ОД және №102-ОД бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады", – деп түсіндірді ол.

Сонымен 2025 жылдың қазан айынан бастап халық үшін жаңа тарифтер былай белгіленеді:

  • суық сумен жабдықтау-1 м3 үшін 73,92 теңге,
  • кәріз қызметтері - 1 м3 үшін 45,86 теңге.

Жаңа тарифтер 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады. Тарифтерді қайта қараумен қатар есеп айырысу әдістемесі де өзгереді.

"Шоттағы сома суды тұтыну көлеміне қарай әртүрлі тарифтер бойынша санаттарға бөлінген қала тұрғындары үшін бұрын қолданыста болған және үйреншікті жүйенің орнын енді тұтыну көлеміне қарамастан бірыңғай тариф бойынша жүргізілетін есептеу тәсілі басады", – деді Шағыров.

Мұндай тәртіп ағымдағы жылдың соңына дейін де сақталады. Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтыну көлеміне байланысты дифференциальды мөлшерлемелер қолданылатын бұрынғы схемаға оралу жоспарлануда.

2025 жылғы 16 қыркүйекте қазақстандықтарға Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясы тарифтерінің өсуі мүмкін екендігі туралы пайда болған ақпаратқа қатысты түсініктеме берілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: