Шымкентте атышулы сот шешімі шықты: су арнасын жекешелендіру тоқтатылды

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, раковина, горячая вода, холодная вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 11:37 Фото: unsplash
Шымкент қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің 2025 жылғы 30 маусымдағы хабарлауынша, 2004 жылдан бастап мемлекеттің үлесі 22%-ды құрайтын Шымкент қаласындағы сумен жабдықтау нысандарын "Су ресурстары – Маркетинг" ЖШС басқарған.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізген қаржылық талдау нәтижесінде, компанияда серіктес құрылымдармен байланысты күмәнді қаржы операциялармен қатар, шығын белгілері анықталды.

Сумен жабдықтау саласындағы заң бұзушылықтар, оның ішінде Су кодексінің талаптарына сәйкес келмеуі, жекешелендіру кезінде процедуралық ауытқулар және тиімсіз басқару фактілерінің анықталуына байланысты, материалдар нысандарды мемлекет меншігіне қайтару үшін әкімдікке жолданды.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты сумен жабдықтау және су бұру нысандарын жекешелендіруді жарамсыз деп тану және оларды бастапқы жағдайына келтіріп, мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.

Әкімдік берген мәліметтер бойынша, сумен жабдықтау тарифі 30%-ға төмендеуі күтілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: