Алматы облысындағы 20 миллиард теңгенің су қоймалары мемлекетке қайтарылды

Вода, водохранилище, водохранилища, водосбережение, система водосбережения, орошение, ирригация, полив земли, полив, поливание, подача воды, водный объект, плотина, плотины, водная инфраструктура, водные ресурсы, дамба, дамбы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 15:28 Фото: pexels
Алматы облысының табиғатты қорғау прокуратурасы су ресурстарын басқару саласында мемлекет мүддесін қорғау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде су қоймалары мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалау қызметі барысында сенімгерлікпен басқарушылар тарапынан бұзушылықтар анықталды, олар 8 су қоймасының тиісті техникалық жай-күйін сақтау жөніндегі шарттық міндеттемелерді елемеген, атап айтқанда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізбеді.

Бұл жағдайлар халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға да қайтымсыз әсер етуі мүмкін.

Қабылданған шаралардың арқасында жосықсыз басқарушылармен 8 шарт бұзылды, ал 20 млрд теңгеден астам сомаға мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар су объектілерін көп факторлы техникалық тексеру бойынша жұмыс жүргізуде.

Облыс прокуратурасымен су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және стратегиялық маңызды объектілерді бақылауды қалпына келтіру бойынша жұмысын жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: