Алматыда 7 миллиард теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
Сурет: pxhere
Алматыда заңсыз алынған 7 миллиард теңгенің жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Ол қала шекарасын кеңейту кезінде жеке ұйымға берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі 2014 жылдың 16 тамызында хабарлағандай, мегаполис шекарасының кеңеюіне байланысты Алматы облысының жер телімдерінің бір бөлігі қаланың құрамына кірді. Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 гектар жер телімі "Халықаралық клубтар қауымдастығы" ЖШС-не қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілді.
"ЖШС жер телімінің кадастрлық құнын төлеу бойынша міндеттемелерін орындамады. Прокуратураның талап-арызымен Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер телім мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. деп хабарлады прокуратура.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Ақмола облысында қараусыз қалған орман мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript