Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында 218 миллион теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

Кадастрлық құны 218 млн. тг. жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 09:56 Сурет: pexels
Қызылорда облысында жалпы кадастрлық құны 218 миллион теңгені құрайтын инвесторларға заңсыз берілген жер телімдері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысының прокуратура органдары жер қатынастары саласында жасалған талдаулар нәтижесінде 14 ұсыну, 1 наразылық енгізді.

Тәртіптік жауаптылыққа 37 тұлға тартылып, 270 үлескердің құқығы қорғалып, 49 акт заңға сәйкестендірілді.

Жерді сатып алу шарттары бойынша жер иеленушілердің төлемеген 25 млн. теңгесі бюджетке өндірілді.

Сонымен қатар кадастрлық құны 218 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.

Атап айтқанда, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен (бұдан әрі - ӘКК) бірлескен жобамен құрылып, жүзеге асырылмаған инвестициялық жоба бойынша құны 115 млн теңге құрайтын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Сол сияқты Сырдария ауданы прокуратурасы заңсыз табысталған кәсіпкерлік мақсаттағы кадастрлық құны 21,8 млн теңге 6 га жер учаскесін мемлекетке қайтарды.

Одан бөлек, прокуратура органдары пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және шаралар қабылдау жөнінде уәкілетті органдардың жұмысын бақылауда.

Жер кодексіне сәйкес пайдаланылмайтын жерлерді анықтау қала, аудан әкімдіктерінің жер саласындағы уәкілетті органының құзыретіне жатады.

Бұл бағытта жұмыстар қарқынды жүргізілмеуіне байланысты прокуратураның бастамасымен 602,3 гектар 360 игерілмеген кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелері анықталды.

Нәтижесінде Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне ұсыну енгізіліп, бүгінгі күнге 150 жер учаскесіне қатысты нұсқама беріліп, мәжбүрлеп мемлекетке қайтару бағытында шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар ауылшаруашылығы мақсатындағы жайылымдық жерлердің игерілу жағдайына аса назар аударылды.

Бұл бағытта облыстың прокуратура органдары жергілікті әкімдіктермен бірлесіп пайдаланылмайтын жайылымдық жерлерді анықтау мақсатында жұмысшы топтарын құрды.

Облыс бойынша елді мекеннің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде облыстың прокуратура органдары 138 мың га 133 жайылымдық жер учаскесінің игерілмегенін анықтап, қадағалау актілерін енгізді.

Кадастрлық құны 80 млн теңге құрайтын 41 мың га 54 жер учаскесі қайтарылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: