Тістен көзге көшті: Қазақстандықтар зейнетақы жинағын заңсыз шешудің тағы бір жолын тапты
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бұл туралы Data Hub порталы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) мәліметтеріне сүйене отырып жазды.
2025 жылғы қыркүйек айында офтальмологиялық қызметтер үшін 1 611 өтініш мақұлданып, 1,4 миллиард теңге бөлінген. Бұл саны жағынан алдыңғы аймен салыстырғанда 5,8 есе көп. Сомасы жағынан – 7 есе артық. Соңғы 12 айдағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда да өсім жоғары — өтініш саны бойынша 7,9 есе, ал төленген сома бойынша 9,3 есе артқан.
Бұл күрт өсім 15 қыркүйектен бастап зейнетақы қаражатын стоматологиялық (тіс) қызметтерге пайдалануға тыйым салынғаннан кейін орын алды. "Отбасы банк" тіс емдеуге байланысты өтініштерді қабылдауды көптеген жалған фактілердің анықталуына байланысты тоқтатқан еді.
Сонымен қатар, қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалануды жалғастырып жатыр. Қыркүйек айында бұл бағыт бойынша 128,9 мың өтініш орындалып, жалпы сомасы 73,3 млрд теңгені құрады — бұл тамыз айымен салыстырғанда 20%-ға артық.
Тұрғын үйге бағытталған қаражатты кері қайтару көрсеткіші өткен ай деңгейінде қалды, яғни өзгеріссіз.
Бұған дейін алтынның құны тарихи көрсеткіштерге жеткенін жазған болатынбыз.