Ғарышқа ұшатын алғашқы қазақстандық әйел: астронавтар ауылынан алғашқы кадрлар жарияланды

Данна Қарағұсова, ғарышқа сапар, астронавтар ауылы , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 14:21 Сурет: Instagram/dannakar
Құрамында ғарышқа алғаш рет ұшқалы отырған қазақстандық әйел – Данна Қарагұсова бар, Blue Origin NS-36 миссиясының экипажы, АҚШ-тың Техас штатындағы "астронавтар ауылына" келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания "Астронавтар ауылына қош келдіңіздер, NS-36 экипажы!" деген жазумен алғашқы суреттерді жариялады.

Бұл ретте, NS-36 миисиясының эмблемасы да ұсынылды. Ондағы әрбір элемент экипаж мүшелерінің жеке тарихын бейнелейді:

  • Қазақстан таулары – Данна Қарагұсова үшін ерекше мәнге ие.
  • Ай мен Жер – адамзаттың болашақтағы ғарыштық сапарлары мен коммерциялық мүмкіндіктерін білдіреді.
  • Карман сызығынан өтіп бара жатқан экипаж капсуласы – New Shepard зымыранының ұшу бағытын көрсетеді.
  • Жұлдызды аспан мен ашық дала – экипаж мүшесі Виталий Островскийдің отаны – Украинаны бейнелейді.
  • Якорь (зәкір) – Аарон Ньюманның ғылым мен мұхиттарды қорғауға деген құштарлығын білдіреді.
  • "Меркурий" капсуласы – алғашқы америкалық астронавт Алан Шепардқа және ғарышты игеру арманына арналған құрмет белгісі.

Бұған дейін Қарағұсовамен бірге сапарлас экипаж мүшелері жайлы жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: