Ғарышқа ұқшан қазақстандық алғашқы әйел: Данна Қарағұсованың туристік сапарының видеосы жарияланды

Ғарышқа барған алғашқы қазақстандық әйел: Данна Қарағұсованың туристік сапарының видеосы жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 20:44 Сурет: instagram/blueorigin
Кәсіпкер Данна Қарағұсова ғарышқа турист ретінде барып қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экс-депутат Гүлжан Қарағұсованың қызы америкалық Blue Origin компаниясының New Shepard суборбиталық кемесімен 36-ұшуға қатысты.

Ғарыш сапары алдында компания кеме ішінен түсірілген суреттерді жариялаған.

Ресми мәліметке сәйкес, экипаж құрамында кәсіпкер Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, стартаптар негізін қалаушы Аарон Ньюман, украиналық бизнесмен Виталий Островский және аты-жөнін жарияламауды қалаған тағы бір жолаушы болған.

Сапар 11 минутқа созылған.

Еске салайық, бұған дейін құрамында ғарышқа алғаш рет ұшқалы отырған қазақстандық әйел – Данна Қарағұсова бар Blue Origin NS-36 миссиясының экипажы, АҚШ-тың Техас штатындағы "астронавтар ауылына" жеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: