Бағанашылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері уақытша басқа орталыққа көшіріледі

Бағанашылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыда қалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 18:01 Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Бағанашыл шағын ауданында орналасқан №2 Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері уақытша №1 мектеп-интернатқа көшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұнда 100 тәрбиеленуші тұрады, олардың 13-і – мектепке дейінгі жастағы бала, ал 87-сі – мектеп оқушысы. Бұған дейін БАҚ-та балаларды облысқа көшіру мәселесі талқыланған болатын, алайда барлық тәрбиеленушінің Алматыда қалатыны туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков хабарлады.

"Орталық ғимаратына жөндеу жүргізу кезеңінде балалар уақытша Торайғыров көшесі, 1 мекенжайындағы №1 мектеп-интернатқа орналастырылады. Ондағы ғимараттың жалпы аумағы 1 113,1 шаршы метр болады, бұл балалардың жайлы тұруы мен оқуы үшін барлық жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қалада ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 8 арнайы мектеп-интернат жұмыс істейді. Онда 2 668 оқушы білім алып жатыр (оның ішінде 1 794-і интернатта, 874-і үйде оқытылады). Сонымен қатар өмірлік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсететін 4 ұйым қызмет атқарып келеді. Бұл мекемелерде барлығы 446 бала тәрбиеленіп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: