Ақтөбеде 91 рет ереже бұзған көлік жүргізушісі ұсталды

Ақтөбеде 91 рет ереже бұзған көлік жүргізушісі ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2025 17:19 Сурет: polisia.kz
Қызметтік кезекшілік барысында патрульдік полицияның экипажы Самара — Шымкент автожолының бойында, Ақтөбе қаласына жақын маңда ресейлік есептегі Toyota Majesta автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру кезінде көлікке қатысты 91 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелгені анықталды.

Көлік иесінің айтуынша, ол бұл автокөлікті шамамен бір ай бұрын сатып алған. Алайда бұрынғы иесінің жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдары өтелмеген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, айыппұлы төленбеген көлік арнайы айыптұрағына қойылды.

Ақтөбе облысы полиция департаменті азаматтарға көлік сатып алар алдында оның айыппұлдары мен шектеулерін тексеруді ескертеді. Әсіресе шетелдік есептегі көліктерге қатысты мұндай жағдайлар жиі кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: