Ақтөбеде такси жүргізушісі мас күйде көлік айдаған

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2024 17:27 Сурет: polisia.kz
15 қазанда сағат 03:00 шамасында Шернияз көшесі бойында Ақтөбе патрульдік полициясының қызметкерлері Volkswagen Polo автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде 56 жастағы такси жүргізушісінің жай-күйі тәртіп сақшыларына күмән тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізілген  медициналық куәландыру нәтижесі жүргізушінің мас күйде екенін көрсетті.

Сот шешімімен құқық бұзушы жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыра отырып, 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында мас жүргізушілердің кінәсінен 21 жол-көлік оқиғасы болып, 7 адам қаза тапты, 20-дан астам адам түрлі жарақаттар алды. 


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: