Ақмола облысында есірткі мен қару ұстаған ер адам қолға түсті
Сурет: polisia.kz
Степногорск қаласында патрульдік полиция қызметкерлері есірткіге ұқсас заттар мен суық қару алып жүрген ер адамды ұстады. Тексеру кезінде одан синтетикалық есірткі мен пышақтар және есірткі қолдануға арналған құрылғылар тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
6 қазанда Степногорск қаласының шағын аудандарының бірін патрульдеу барысында патрульдік полиция взводының қызметкерлері күдік тудырған ер адамды тоқтатты.
Визуалды тексеру кезінде оның оң жақ кеуде қалтасынан және әмиянынан ақ-жасыл түсті екі түйіншек табылды. Ұсталған азаматтың айтуынша, олардың ішінде "тұз" деп аталатын синтетикалық есірткі заты болған.
Сонымен қатар ер адамның шалбарының сол жақ қалтасынан жиналмалы пышақтарға ұқсас екі зат пен есірткіні тұтынуға арналған екі құрылғы (тамшуыр) тәркіленді.
Аталған дерек бойынша есірткі заттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық тәркіленген заттар тиісті сараптамаға жіберілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript