Алматыда есірткіні жасырын қойып кетуші қолға түсті

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2026 16:55 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында патрульдік полиция қызметкерлері есірткі құралдарын өткізумен айналысты деген күдікпен ер адамды ұстады.

Таңғы сағат 05:00 шамасында Алмалы ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында, Қарасай батыр мен Жароков көшелерінің қиылысына жақын маңда патрульдік экипаж жас жігіттің күмәнді әрекетіне назар аударған. Күдіктіні тінту барысында одан ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар табылды.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық есірткі болып шықты. Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. 20 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұсталған азамат есірткіні жасырын қойып кетуші ретінде жұмыс істеген. Яғни тапсырмаларды интернет арқылы алып, жасырын орындардың координаттарын және ақшалай сыйақыны онлайн форматта алған.

Қазіргі уақытта жедел бөлімшелер заңсыз әрекетті ұйымдастырған тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізуде. Олар ұсталып, заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

"Бүгінде есірткі бизнесі жастарды интернет арқылы оңай ақша табуға уәде беріп, қылмыстық әрекетке тартуға тырысуда. Алайда мұның соңы әрдайым қылмыстық жауапкершілікке әкеліп, адамның тағдырын ұзақ жылдарға күйретеді. Бірде-бір "тапсырыс беруші" тасада қалмайды — біз барлық ұйымдастырушыларды анықтап, жұмысты соңына дейін жеткіземіз", — деді Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Сондай-ақ ол жастарға үндеу жасады.

"Жылдам әрі оңай табыс туралы уәделерге сенбеңіздер. Есірткі тасымалдаушы болу — қосымша табыс емес, ауыр қылмыс. Мұндай таңдаудың жалғыз нәтижесі — бас бостандығынан айыру және бүлінген өмір. Өзіңізді және болашағыңызды қорғаңыз", — деп түйіндеді спикер.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: