Қазақстанға салықтан 300 млн теңге жымқырған кәсіпкер қайтарылды

Қазақстанға Біріккен Араб Әмірліктерінен салықтан жалтарғаны үшін халықаралық іздеуде болған ер адам экстрадицияланды., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2025 10:01 Сурет: ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстанға Біріккен Араб Әмірліктерінен салықтан жалтарғаны үшін халықаралық іздеуде болған ер адам экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, ол 2018–2020 жылдар аралығында коммерциялық кәсіпорынның директоры бола тұра, корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын төлеуден жалтарған. Соның салдарынан мемлекетке 293 миллион теңгеден астам залал келген.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті ізін жасырып, бір жылдан астам уақыт халықаралық іздеуде болды. 2025 жылдың қыркүйегінде ол Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен еліміздің құқық қорғау органдарына берілді. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды", – деп хабарлады ведомство.

Күдіктіге 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалуы мүмкін.

Айта кетейік, биылдың өзінде БАӘ-ден Қазақстанға тоғыз адам экстрадицияланған. Мәселен, 6 қазанда мұнайдың заңсыз айналымына қатысы бар Қазақстан азаматының елге қайтарылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: