Іздеу екі жылға созылды: 156 млн теңге жымқырған күдікті Түркиядан Астанаға депортацияланды
Сурет: polisia.kz
Зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық Стамбулда ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Стамбулда ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы әйел ұсталды.
Белгілі болғандай, ол 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусымына дейін Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істей жүріп, жалпы құны 156 млн теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткен.
"27 қарашада түрік құқық қорғау органдарының көмегімен күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынды",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Шуда аса ірі көлемде гашиш сақтаған ер адам ұсталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript