Шуда аса ірі көлемде гашиш сақтаған ер адам ұсталды
Фото: pexels
Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ҚР ІІМ-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетімен және "Сұңқар" арнайы бөлінісінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі заттарын аса ірі көлемде сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады.
Полиция қызметкерлері Шу қаласының 60 жастағы тұрғынының үйін, ауласын және шаруашылық құрылыстарын тексерді. Тінту барысында аулада орналасқан бастырманың астынан, жиһаздың артында жасырылған қара түсті полиэтилен пакет табылды.
Пакетті полиция қызметкерлері Хэппи қызметтік иттің көмегімен анықтады. Пакет ішінен өзіне тән иісі бар жасыл түсті ұнтақ тәрізді зат анықталды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 915 грамм гашиш болып шықты.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарын заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript