Қостанай облысында полицейлер есірткі сақтаған күдіктіні қолға түсірді

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Рудный қаласының 21 жастағы тұрғынын аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ұстады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 13:49 Сурет: ҚР ІІМ
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Рудный қаласының 21 жастағы тұрғынын аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ұстады.

Күдіктінің гаражын тінту барысында полицейлер изолентамен оралған 11 полиэтилен түйіншекті тәркіледі. Олардың ішінде ерекше иісі бар ақ түсті зат болған.

Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат 673 грамм мефедрон болып шықты.

Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру кезінде есірткіні бөлшектеу үшін қолданылатын электронды таразылар, изолента және түссіз қаптамалар табылды. Ал медициналық сараптама күдіктінің каннабиноидтарды қолданғанын анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта есірткі жеткізу арналары мен қылмыстық іске қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: