Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-да полицейлер күдіктіден есірткі салынған 190 түйіншекті тәркіледі

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2024 16:36 Сурет: ҚР ІІМ
СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 28 жастағы петропавлдықтан аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіледі.

Күдікті азамат Жұмабаев көшесінде ұсталды. Жеке тінту кезінде тәртіп сақшылары оның қалтасынан дозаларға бөлінген α-PvP есірткісі салынған 190 түйіншекті тәркіледі.

Күдіктінің жалдамалы пәтерінен "синтетика" салынған пакет, сондай-ақ буып-түюге арналған электрондық таразы, зип пакеттер, изолента, жазбалары бар дәптер, сондай-ақ АҚШ доллары мен Түрік лиралары тәркіленді.

Күдіктінің айтуынша, ол шетел валютасын "коллекциялаған".

"Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 205 грамнан асты. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Бұл шамамен бір реттік 1200 дозаны құрайды. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткіні сақтағаны үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: