СҚО полицейлері әр жерге есірткі жасырған құрбыларды ұстады
Сурет: ҚР ІІМ
СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткілерді таратты деген күдікпен Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде Toyota RAV 4 автокөлігіне мініп кетіп бара жатқан екі қызды ұстады.
Қыздардың бірі – 33 жастағы қала тұрғыны. Ол заңсыз жолмен ақша табудың соңы немен аяқталатынын жақсы біледі. Өйткені 2022 жылдың қыркүйек айында оның күйеуі осындай қылмыс жасағаны үшін сотталып, қазір бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр.
Көліктің ішінде болған 36 жастағы құрбысы да ұсталды. Қыздарды және олардың тұрғылықты мекенжайларын тінту кезінде 700 грамнан астам ұнтақ тәрізді және кесектелген зат тәркіленді. Сараптама нәтижесі бұның тұз деген атаумен белгілі α-PvP синтетикалық есірткісі екенін көрсетті.
"Сондай-ақ есірткіні буып-түюге арналған материалдар тәркіленіп алынды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Есірткіні аса ірі көлемде өткізу үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске саламыз. Қазіргі уақытта 33 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес күдіктілер бұл қылмыстарымен 4 айға жақын уақыт айналысқан", – дейді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Руслан Сапаров.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript