Жетісу облысында синтетикалық есірткі сақтаған күдікті ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2024 13:09 Фото: Zakon.kz
Жетісу облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті бірлесіп, сотқа дейінгі тергеу барысында аса ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын сақтауға қатысы бар 33 жастағы күдікті ер адамды ұстады.

Ұстау кезінде күдікті жиналмалы пышақ қолданып, құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен.

Алайда "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері кәсіби шеберліктерін көрсетіп, күдіктіні сәтті қолға түсірді. Жиналмалы пышақ заттай дәлел ретінде тәркіленді.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ табылып, тәркіленді.

Сот-химиялық сараптама нәтижесінде бұл заттың синтетикалық есірткі – мефедрон екені анықталды. Есірткінің жалпы салмағы шамамен 6 граммды құрайды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу амалдары жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: