Қазақстанда 1 млрд теңгеге жуық қаражатты жымқырған күдікті Түркиядан экстрадицияланды
Сурет: Zakon.kz
Бір миллиард теңгеге жуық ақшаны ұрлау ісі бойынша іздеуде жүрген күдікті Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркия Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2014 жылдан бастап халықаралық іздеуде жүрген "К" есімді азаматты ұстап беру туралы сұрауын қанағаттандырды.
"Бұл азамат құрылыс компанияларының жалпы сомасы шамамен 1 млрд теңгеге жуық ақша қаражатын жымқырды деп күдіктелуде", – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Қадағалаушы орган өкілінің мәлімдеуінше, бұл қаражат әлеуметтік мақсаттағы объектілерді салуға арналған. Олардың арасында аурухана да бар.
"Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады".ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сепаратизм мен ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталған Қазақстан азаматы Максим Яковченконы экстрадициялау бойынша Ресейдің дәл осындай департаментіне өтініш жолдады.
Оқи отырыңыз
Назарбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript