Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің Қоғамдық кеңесінің төрағасы сайланды

Отырыс, Атом энергиясы жөніндегі агенттік, Қоғамдық кеңес, төрағасы, Шунеев Сәлімбай, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2025 17:50 Сурет: ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі
2025 жылғы 10 қазанда ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Отырысқа белгіленген тәртіппен бекітілген қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ агенттіктің қызметкерлері мен сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Шунеев Сәлімбай Егембердіұлы сайланды.

"Отырыста агенттіктің қызметіне қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, саланың даму стратегиясы мен жоспары, агенттіктің үш жылдық бюджеті, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобалары талқыланды. Сонымен қатар, агенттіктің Ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже жобасымен уран өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының өткен жылғы өндіру шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларының жобасы қаралды", делінген хабарламада.

Кеңес мүшелері атом энергиясын пайдалану саласындағы шешімдерді әзірлеуде азаматтық қоғамның белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, агенттік жанындағы сараптамалық және консультативтік қызметке белсене қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

Қоғамдық кеңестің құрылуы "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асырудағы маңызды қадам болып табылады және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы ашық диалог пен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: