Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады

Президент Рафаэль Гроссиді қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 14:30 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гроссиге ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен Агенттік арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.
"Сіздің сапарыңыз өзара қарым-қатынасымызды дамыту тұрғысынан дер кезінде жасалып отырғанына сенімдімін. Қазақстан үшін Агенттікпен жұмыс істеудің мәні зор. Аса маңызды құрылымның басшысы ретіндегі Сіздің қызметіңізді қолдаймыз және жоғары бағалаймыз, – деді Президент."

Кездесу барысында техникалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға және елімізде АЭС салуға қатысты ауқымды мәселелер талқыланды.

Президент атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және ядролық қауіпсіздік режимін нығайту мәселелерінде Агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Рафаэль Гросси құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ядролық қарудан бас тарту және оны таратпау үдерісі көшбасшыларының бірі әрі жауапты жақтаушысы ретінде Қазақстанның рөлін жоғары бағалады.


"Біз түрлі салада көп істі бірге атқарып келеміз. Денсаулық сақтау саласынан бастап ядролық энергетиканы дамытуға қатысты болашақ бағдарламаңызға дейін көптеген мәселе бойынша Сізбен пікір алмасатыныма өте қуаныштымын, – деді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры."


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: