Мысырда қаза тапқан қатарлық дипломаттар туралы мәліметтер жарияланды
Сурет: pixabay
Associated Press агенттігінің мәліметінше, жол апатынан қаза тапқан үш қатарлық дипломат Шарм-эш-Шейх қаласына Газа секторындағы атысты тоқтату жөніндегі саммитке бара жатқан. Олар Қатар делегациясының протоколдық тобының мүшелері болған. Агенттіктің хабарлауынша, олардың көлігі Мысыр қаласынан шамамен 50 шақырым жерде аударылған.
Кейін Каирдегі Қатар елшілігі қаза болғандардың есімдерін жариялады: Сауд бен Тамер Әл Тани, Абдулла Ганем Әл-Хиярин және Хасан Джабер Әл-Джабер.
Сонымен қатар тағы екі адамның қаза тапқаны хабарланды — Абдулла Исса Әл-Кувари және Мохаммед Абдулазиз.
Дүйсенбі күні Шарм-эш-Шейх қаласында Газа секторындағы соғысты тоқтату тақырыбына арналған саммит өтеді. Оған Қатарды қоса алғанда, 20-дан астам елдің көшбасшылары қатысады. Қатысушылардың кеңейтілген тізіміне Испания, Жапония, Армения, Венгрия, Үндістан, Кипр, Грекия, Бахрейн, Кувейт, Канада және Иран енген.