Қазақстанда судың "қара нарығымен" күрес аясында 58,3 млн теңгеге айыппұл өндірілді
Фото: Zakon.kz
Су ресурстары және ирригация министрлігі вегетация кезеңінде Қазақстанның оңтүстігінде төрт жұмыс тобын құрған. Олар өңірлерде судың әділ бөлінуін қамтамасыз етіп, су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Бас прокуратураның, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен министрлік республика деңгейінде судың "қара нарығына" қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір Бас прокуратурамен бірлесіп, заңсыз су алу фактілеріне қарсы күресті жалғастыру алгоритмі әзірленіп жатыр", – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
Былтыр суару маусымында су заңнамасын бұзғандарға 15,8 млн теңге көлемінде 188 айыппұл салынған болатын.
Бұған дейін Қостанайда полиция мен қырағы тұрғын зейнеткерді алаяқтардан құтқарғанын жазған болатынбыз.