Қазақтанда судың "қара нарығымен" күресті күшейтуде
Сурет: pixabay
Су ресурстары және ирригация министрлігі судың "қара нарығымен" күресті күшейтуде нақты қадамдарға көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы мақсатта Су ресурстары және ирригация министрлігінде жаңа ведомство – Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды.
"Жаңа комитет суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі",- делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған.
Айта кетейік, Ақтауда ауыз су өндірісінің төмендеу себебі анықталды. Әкімдіктің хабарлауынша, ауыз су өндірісінің төмендеуіне күннің күрт ысуы мен тұшытатын теңіз суы температурасының күрт жоғарлауы әсер етуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript