Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысында жаңадан бес су қоймасын салынады

Абай облысында жаңадан бес су қоймасын салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 18:40 Сурет: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су ресурстары және ирригация министрлігі Абай облысында жаңадан 5 су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа су қоймалары өңір қажеттілігі үшін 156 млн текше метрден астам су жинай алады. Атап айтқанда, Үржар ауданында Келдімұрат (30 млн м3) және Көктерек өзендерінде (31,4 млн м3) су қоймалары бой көтереді.

Ал Көкпекті ауданындағы Кіші Бөкен өзенінде (30 млн м3) және Ақсуат ауданында Қарғыба (20 млн м3) мен Базар (45 млн м3) өзендерінде жаңа су қоймалары салынады.

Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрылыс жұмыстары 2024-2030 жылдары іске асырылуға тиіс. Бүгінгі таңда Қарғыба су қоймасының техникалық-экономикалық негіздемесі дайын. Қалған 4 жоба бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті инвестициялық ұсыныс әзірлеп жатыр.

"Жаңа су қоймаларының құрылысы халықтың өмір сапасын жақсартып, өңірдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосады және жергілікті шаруаларды тұрақты сумен қамтамасыз етуге тиімді ықпал етеді. Осыған дейін министрлік Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспарын әзірледі. Аталған жұмыстар осы құжат шеңберінде жүргізіледі".Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: