Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында жаңа су қоймасы салынады

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысы Жетісай және Мақтаарал аудандарының шаруаларымен кездесті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2024 11:01 Сурет: unsplash
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жетісай және Мақтаарал өңірлерінің шаруаларымен кездесуінде Түркістан облысында Бәйдібек ата су қоймасының құрылысы басталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұржан Нұржігітов Түркістан облысында "Бәйдібек ата" су қоймасы салынатынын айтты. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысты осы жылдың соңына дейін бастауға ниетті.

Сондай-ақ, облыста суарудың үнемді жүйелерін дайындаумен және орнатумен айналысатын өзбекстандық OMAD Start компаниясының зауытын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы шаруалармен кездесуге қатысқан кәсіпорын басшысы Шахобиддин Каромов мәлімдеді.

Нұржан Нұржігітов "Қазсушар" мемлекеттік кәсіпорнының жергілікті филиалының жұмысы туралы баяндаманы тыңдаған соң шаруалардың сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, Шардара су қоймасынан "Достық" магистральдық каналына дейін су жіберетін машина каналын жөндеуге, өңірдің ирригациялық каналдарын реконструкциялауға, бетондауға және тазартуға, Арал теңізін қалпына келтіруге, ИДЖЖ-3 жобасына (ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру) қосымша объектілерді қосуға және жекелеген каналдар бойынша су бағасының айырмашылығы туралы сұрады.

Сондай-ақ, шаруалар "Қазсушар" мемлекеттік кәсіпорнын жетілдіру және стратегиялық маңызы бар нысандарды республикалық меншікке қайтару жөнінде ұсыныстар айтты.

Кездесудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке қабылдады. Қоғамдық қабылдауда "Қазсушар" мекемесімен келісім-шарт талаптары, су ресурстары мониторингінің жерсеріктік технологияларды енгізу және суару арналары бойында сорғыларды орнату сияқты тақырыптар талқыланды.


"Мәселелердің негізгі бөлігі каналдар мен басқа да гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мен реконструкцияға қатысты екенін түсініп отырмын. Біздің министрлік ұзақ жылдар бойы жинақталған күрделі мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге ниетті. Халықты біздің жұмысымыз және бастамаларымыз туралы уақтылы хабардар ету үшін министрлік, "Қазсушар" және жергілікті атқарушы органдар арасында тығыз байланыс орнату өте маңызды. Осы кездесуге уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Вегетация маусымы басталғаннан кейін суару жұмысының барысымен танысу үшін Түркістан облысына тағы келемін", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: