Алматыда инклюзивті білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конгресс өтеді

Монумент Независимости Казахстана, монумент независимости РК, символ независимости, площадь Республики, Золотой Человек, Центральный Государственный музей РК, Алматинская телебашня, телевизионная и радиовещательная башня, Кок-Тобе, Кок Тобе, Алматы, весна в Алматы, лето в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2025 09:58 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 15–17 қазан аралығында Алматы қаласында инклюзивті білім беру саласындағы ең ірі халықаралық іс-шара – World Inclusion Congress (WIC 2025) Дүниежүзілік конгресі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сүйенсек, оған 40 елден 1200-ден астам делегат қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында министрлер, сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен жетекші университеттердің, зерттеу орталықтарының және EdTech компаниялардың өкілдері бар.

"Әлемдік корпоративтік көшбасшылардың қатысуы стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашып, Қазақстанға әлемнің назарын аударып қана қоймай, инвестициялар тартуға жол ашады",- делінген ақпаратта.

Конгресс аясында "Инклюзивті білім берудегі жаһандық үрдістер: сын-қатерлер мен шешімдер" тақырыбында дөңгелек үстел, халықаралық ынтымақтастық пен инклюзия саясатының инновацияларына арналған пленарлық сессиялар және үздік тәжірибелер алмасу алаңдары қарастырылған.


"Сонымен қатар, отандық және шетелдік компаниялардың қатысуымен білім беру, цифрлық технологиялар мен қолжетімді орта қалыптастыру жөніндегі инновациялық көрме ұйымдастырылады. Іс-шара барысында инклюзивті білім берудің әрі қарай дамуына бағыт беретін маңызды халықаралық құжат – Алматы декларациясының жобасы талқыланады",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін Қазақстанда судың "қара нарығымен" күрес аясында 58,3 млн теңгеге айыппұл өндірілгенін жазған болатыныбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: