Қазақстанда теледидар мен радио уақытша өшіріледі

Қазақстанда теледидар мен радио уақытша өшіріледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 17:43 Сурет: pexels
16 қазан күні "Қазтелерадио" АҚ 2025 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған профилактикалық жұмыстарды жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның мәліметінше, сол күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердегі техникалық құралдарда қызметтер уақытша тоқтатылады.

"Жұмыс жүргізу барысында еліміздің бүкіл аумағында телерадиоарналарды қайта тарату уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

"Қазтелерадио" АҚ түсіндіргендей, бұл жұмыстар телерадио хабарларын үздіксіз және сапалы тарату үшін қажет.

"Компания телехабар тарату сапасын арттыру және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын профилактикалық жұмыстар жүргізеді", - деп атап өтті мекеме өкілдері.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: