Қазақстанның барлық аумағында теледидар мен радио өшіріледі

Сәрсенбі, 2025 жылғы 5 наурызда Қазақстанның барлық аумағында теле-радио арналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ұлттық оператор - "Қазтелерадио" АҚ ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазтелерадио" АҚ хабарлауынша, телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
"2025 жылғы 5 наурыз айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.
Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript